30 қыркүйекке дейін жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматы облысының жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, Алматы облысындағы "Алматы – Байсерке – Ақсай" автомобиль жолының 20–51 шақырым аралығында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ауыр көлік тізгіндеген жүргізушілер аталған жолды қолдана алмайды.

- Бұл шара жолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілді. Жүк көлігі жүргізушілерінен жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, балама қозғалыс бағыттарын пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.