Қазақстандық блогер Президенттің сүйікті тұлпарының видеосын жариялады

фото: Дастан Мухамедрахым

Танымал блогер Дастан Мұхамедрахым президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың асыл тұқымды арғымақтарын видеоға түсіріп, оны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Ақжан – өте сирек кездесетін қылаңбоз түсті жылқы. Ғанатлы және Табыс деген түрікменнің таза қанды ақалтекесінен туған. Мұндай қылаңбоз түкті жылқы Ақалтеке тұқымының өз ішінде 3 пайызға жетпейді.

Түсірілім жұмыстары Астана қаласының маңында өткен.

– Тұлпарды алғаш болып табиғатқа шығарып, дронға түсірдік. Президентіміздің сенімімен сүйікті тұлпарын түсіру маған бұйырған екен, – деп жазды Дастан Мұхаметрахым.

Бейнероликтің қаралымы 500 мыңнан асқан.