Астанада сайлау байқаушылары үшін семинар-тренинг жұмыстар бастау алды. Мақсат - жергілікті байқаушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия өкілдерінің айтуынша, олардың басты міндеті - сайлаудың заңды әрі ашық өтуін қамтамасыз ету.
Депутаттарды сайлау күні Астанада 270 астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың әрбіріне міндетті түрде 1 жергілікті байқаушы тіркеледі. Байқаушыға қойылатын басты талап - кәмелет жасқа толған Қазақстан азаматы болуы шарт. Ал қызметі үшін 2 айлық есептік көрсеткіші көлемінде жалақы алады. Оларға сайлау кезінде фото, аудио, видеотүсірілімдер жүргізуге рұқсат етіледі. Протоколмен танысуға да толық құқығы бар. Тек бір талап бар - ол комиссия жұмысына кедергі келтірмеу.
Арман Ешмұратов, сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі:
Ол сайлау комиссиясының жұмыстарына араласпау керек. Себебі оған әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершіліктер қарастырылған. Сол себептен біздер осындай семинарларды міндетті түрде өткіземіз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА