8 жастағы баланың аяғы қысылып қалды

ТЖМ

Құтқарушылар балалар алаңында қысылып қалған 8 жастағы балаға көмек көрсетті.

112 қызметінің пультіне Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесінде орналасқан балалар алаңында 8 жастағы баланың қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетіп, баланы балалар алаңының қысылып қалған элементінен босатты.

Балаға медициналық көмек қажет болмады.