Жетісу облысында қарбыз бен қауын сатушылар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2026

Оқиға Балқаш көліне апаратын тасжолдағы Молалы айналма жолының маңында болған. Әйелдердің бірі полиция қызметкерінің көзінше екінші сатушының бетінен тепкен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұған дейін жол бойындағы ретсіз сауда мен көлік қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін кәсіпкерлерге арнайы сауда орны берілген. Алайда кейбір сатушылар жол жиегінде сауда жасауын жалғастыра берген көрінеді. Салдарынан базарда отырған кәсіпкерлердің саудасы төмендеп, жағдайды реттеуді сұрап, бірнеше мәрте полицияға жүгінген. Бұл жолғы жанжал төбелеспен аяқталды. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ұрып-соғу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін бір-бірін таныған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.