Жолдама да, ақша да жоқ: бір топ ақтөбелік туристік компанияға алданып қалды

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2026

Шетелге барып демалмақшы болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды. Жолдама да, ақша да жоқ. Ал компания өкілінің телефоны байланыстан тыс жерде, офисі мөрленген. Түркияға  2 млн- теңгеге тур алғандар бар. Ал бес адамнан тұратын тағы бір отбасы Грузияға бару үшін 1 миллион 600 мың теңге төлепті. Ақшаны бірден бере алмағандықтан, ай сайын 130 мың теңгеден несие төлеп отыр. Тағы бір тұрғын Антальяға бару үшін 2 миллион 540 мың теңге жұмсағанын айтады. Отбасы Алматыға дейін барған. Бірақ Түркияға ұшар кезде күтпеген хабар алыпты.

АСЫЛБЕК ДҮЙСЕНБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Алматыға барған кезде-«Ойбай сол қазір берем, әне берем-бара беріңіз, ватсапқа жіберемін, деді билетті. Бардық. Барғаннан кейін 1 күн қалған кезде ұшуға: Мә, аға, тур отырмаған, анау да мынау.

ДИНАРА КАТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мына турға через рекомендация келдік. Достарымыздың атынан. Так-как біздің достарымыз уже до этого бұл қызбен ұшты. Біздің ущерб 945 мың на данный момент. Турымыз 945 мың тұрады. Біз 3-ноябрьде ұшу керек едік.

Тұрғындар полицияға арыз жазып, ақшаларын қайтаруды талап етуде. Туристік компанияға   алданғандар саны мен  шығын көлемі   анықталып жатыр.

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел-шаралар жүргізілуде.