Алматыда «Абай Әлемі» музыкалық-поэтикалық мерекелік кеші өтті

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2026

Алматыда Абай күніне орай ашық аспан астындағы сахнада «Абай Әлемі» музыкалық-поэтикалық мерекелік кеші өтті. Кеш барысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген «Алғашқы кітап» атты деректі фильмінің алғашқы көрсетілімі болды. Деректі фильм Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын баян етеді. Премьера соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ұлы ақынның әндері шырқалып, қара сөздері оқылды. Іс-шара Almaty Summer Fest фестивалімен жалғасып, сахнада еліміздің жарқын жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік кеш соңында мыңнан астам адам ашық аспан астында Абай әндерін бірге шырқады.

ФАРХАД МОЛДАҒАЛИ, РЕЖИССЕР, АЛАТАУ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Абай жайлы ақпарат алып, басқаша тыныс болып жатыр деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл шынымен де жанағы ұлттық код деңгейінде үлкен шара деп есептеймін. Сондықтан түсірілген «Алғашқы кітап» фильмінің көрсетілімі болып жатыр және оның артынан мінекей қазір «Абай әлемі» спектакль-концерті жалғасады. Кішігірім болса да Абай әлеміне жақындатқандай деп есептеймін өзім.