Елде Абай есімді 9 ару бар

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2026

Елімізде 19 мыңға жуық Абай есімді адам бар. Оның басым бөлігі- 30-34 жас аралығындағы азаматтар. Ал ең егдесі 1932 жылы туған. Ағартушының жолын берсін деп атұстарына Абай есімін беру жалғасып келеді. Биыл алғашқы жарты жылдықта 157 сәбиге Абай есімі қойылған. Сонымен бірге елде Абай есімді 10 ару бар. Елорда ақын аты ең көп тараған өңірлер қатарында көш бастап тұр. 2089 адам. Одан кейін ойшылмен аттас 2 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан облысы. Ал үштікті Алматы қаласы түйіндейді. 1719 адам. Ұлы ақынның аты өңірлердің атауларында да көрініс тапқан. Мәселен елде Абай атындағы 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл бар.