"Әділет" партиясының республикалық штабы Абай жұртшылығымен кездесті

"Әділет" партиясының республикалық сайлауалды штабы Абай күніне орай Семейге барды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған топ ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өңірдің ел мәдениеті мен руханиятындағы айрықша рөліне тоқталды. Әділет ұсынып отырған сайлауалды бағдарлама хакім Абай насихаттаған білім, еңбек, жауапкершілік, бірлік пен келісім идеяларымен ұштасады. Алдағы міндет - елдегі өзгерістердің нәтижесін әрбір адам сезінетіндей нақты шешім қабылдау, - деді партия төрағасы. Ал облыс жұртшылығы кандидаттарға әлеуметтік қолдау, қолжетімді баспана мен  жұмыспен қамту секілді өзекті бағыттарда сұрақтарын жолдады. 

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Әділет" партиясы президенттің басты бағыттарын қолдау үшін арнайы құрылған президенттік партия. Сондықтан біз президенттің барлық бастамаларын қолдаймыз. Және оны күшейтетін боламыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын осы Семейді қазіргі жағдайымен салыстыруға келмейтін еді. Әділетсіздік болғанын жаңа өздеріңіз айтып отырсыздар. Бұл да президенттің орнатқан әділеттігін бір көрінісі. Сондықтан біз осы әділеттілікті бүкіл ел бойынша қамтамасыз ету үшін өңірлік даму стандарттарын жасап жатырмыз. Сол стандартқа сәйкес өңірлердің дамуы қамтамасыз етіледі, жүргізілетін болады болашақта. Демек, әділеттілік осы арқылы қалыптастырылатын болады.