«Байтақ» партиясының өкілдері ЖЭО-3 ұжымымен кездесті

«Байтақ» партиясының өкілдері Алматы облысындағы 3-ші жылу электр орталығы ұжымымен кездесті. Жиында қалдықтарды қайта өңдеу мен оларды жаңа ресурсқа айналдыру мәселесі сөз болды. Партия атынан келген спикерлер де, мекеме қызметкерлері де бұндай қадам циркулярлы экономиканы дамытуға көмектесетінін айтуда. . Бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Кездесуде жылу энергетикасын жаңғырту мәселесі де талқыланды. Зиянды шығарындыларды қысқарту және ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ станция қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелері көтеріліп, партия өкілдері түрлі сауалдарға жауап берді.

ЕРЖАН ЖАРЫЛҚАСЫН, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жиында көп жастар болды. Жастарды мазалайтын сұрақтар көп екен, әсіресе осы экология жағында. Өте қуанышты нәрсе. Себебі болашақ жастарамыздың қолында. Ең басты сұрақ АЭС туралы болды. Одан кейін қазіргі ТЭЦ көмірмен істейді, соны газға ауыстыру да талқыланды.