«Ауыл» партиясының өкілдері агроөнеркәсіп саласының мамандарымен кездесті

«Ауыл» партиясының өкілдері агроөнеркәсіп саласының мамандарымен, ғалымдармен кездесті. Кездесуде ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, заманауи технологияларды енгізу, ғылыми зерттеулерді өндіріспен ұштастыру және шаруаларды қолдау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ агросаладағы мамандардың ұсыныстары тыңдалып, саладағы проблемаларды шешу жолдары талқыланды. Партия өкілдері ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жыл сайын қаражат та ғылымға көбейіп жатыр.  Мәселе ауыл шаруашылықта көп. Ғалымдар осы жер мәселесін көтерді, су мәселесін көтерді, көп мәселені көтеріп жатыр. Қазір шешілмей жатырған оңай жолы бар. Көп сұрақ қойды, кооперативтер қалай құрылады. Оның бәрін талқылап, сондай ұсыныстар беріп жатыр.