Respublica партиясының кандидаттары еңбек ұжымдарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2026

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Маңғыстау облысында кездесулер өткізді. Ақтау қаласында еңбек ұжымдарымен жүздесіп, өндіріс орындарының әлеуетін артыруға қатысты мәселелерді талқылады. Жиын барысында азаматтар баспана, жұмыспен қамту және еңбек қатынастарына қатысты көкейтесті сұрағын қойды. Сондай-ақ кандидаттар «Вест Хим Технолоджи» серіктестігі мен аймақта электр энергиясын таратумен айналысатын кәсіпорынға барды. Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Жұмысшылардың ой-ұсынысын тыңдап, көтерген сауалдарына жауап берді

МЕЙРАМГҮЛ МӘДӘЛІ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Қазір он екінші өңірге келіп жатырмыз. Халықпен кездесіп жатырмыз. Ең бастысы, бізбен кездесуге келген азамат өз еркімен, өзінің ынтасымен келіп отыр. Бұл, біз үшін аса маңызды. Келген кезде бізді ғана тыңдап қана тұрған жоқ. Халықтың ішінен ой айтамын азаматтар ойын айтып жатыр. Ұсыныстарын беріп жатыр.