Астана маңында жасөсіпірім екі қыз суға батып, көз жұмды

Фото: freepik

Қайғылы оқиға 10 тамызда Қоянды ауылындағы су қоймасының орталық жағажайында болған

Sputnik.kz дерегінше,апалы-сіңілі 2015 және 2017 жылы туған екі қыз орталық жағажайда болған. 

Бір сәтте ата-анасы балаларынан көз жазып қалған. Қыздарды ата-анасы құтқарушылармен бірге іздеп, кейін екеуін де су астынан тапқан. Оларға алғашқы реанимациялық көмек көрсетілгенімен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ақмола полициясы қыздардың көз жұмғанын растады. 

«10 тамызда Қоянды ауылында орналасқан су қоймасының орталық жағажайында кәмелетке толмаған екі қыз суға батып кеткен», - делінген полиция хабарламасында.