Шекарадан 10 күнде 645 млн теңгеден астам заңсыз қаражатты алып өтпек болған

Фото: freepik.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстаннан заңсыз валюта алып шығу әрекеттерінің жолын кесіп жатыр

1-10 тамыз аралығында елдің өткізу пункттерінде декларацияланбаған ақша қаражатын алып өтуге қатысты 70 әрекет анықталған. Жалпы сомасы 645 млн теңгеден астам валюта тәркіленген.

Мәселен, Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылау кезінде шетел азаматының киімінің астынан 70 мың АҚШ доллары табылған. Бұл шамамен 32,5 млн теңгеге тең.

Анықталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Шекара қызметі қолма-қол ақшаны Қазақстан аумағынан тыс жерге 10 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде алып шығуға болмайтынын еске салады. Заңда белгіленген шектен асатын қаражат тиісті тәртіппен декларациялануы қажет.