Іздеу жұмысына сегіз құтқарушы, үш жүзу құралы және эхолот тартылды
Павлодардағы Ертіс өзенінде қайғылы жағдай болды. Ер адам орталық жағалау маңында суға түсіп, батып кеткен.
Оқиға туралы хабар Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 05:37-де түскен. Құтқарушылар дереу өзен аумағын тексеруге кірісті.
Іздеу жұмысына сегіз құтқарушы, үш жүзу құралы және эхолот тартылды. Мамандар оқиға болған аумақта өзенді тексеріп жатыр.
«Іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар Ертіс өзенінің су айдынын тексеруді жалғастыруда.