Елде 5410 адам ерте зейнетке шыққан. Қазақстанда зейнет жасы ерлер үшін 63, әйелдер үшін 61 жас деп бекітілген. Бірақ, Семей ядролық сынақ полигонының ең жоғары және төтенше радиациялық қауіп аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында кемінде 5 жыл тұрған ерлер 50 жастан, әйелдер 45 жастан зейнетақы төлемін ала алады. Сонымен қатар 5 және одан көп бала туған немесе асырап алып, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жастан зейнетақы тағайындалады. Ал әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің зейнетақысы бөлек тәртіппен реттеледі.