Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды штабы өңірлерде халықпен кездесуін жалғастыруда. Депутаттыққа кандидаттар Алматы облысында ардагерлермен және зейнеткерлермен жүздесті. Аға буын өкілдерін әлеуметтік қолдау мәселелері мен тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қарастырды. Ардагерлер мен зейнеткерлерге сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары туралы да ақпарат берілді.
НҰРЫМ НҰРЛЫБЕКОВ, ЖСДП АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Кездесудің басты мақсаты - біздің сайлауалды бағдарламамызды, біздің ЖСДП сайлауалды бағдарламасының мәні мен мақсатын жеткізу және де осы үлкен кісілердің қандай ұсыныстары бар екенін есту мақсатымен бүгін біз осындай кездесу өткіздік. Қандайда бір мәселе болса, қандайда бір шешілмей жүрген түйткілдер болса біздің филиалдың есігі ашық.