Елордада «Байтақ» партиясының атынан Құрылтайға кандидаттар экоакция өткізді. Бөгетті қоқыстан тазартуға табиғатты қорғау полициясы мен әкімдік өкілдері де қатысты. Оған қоса, еріктілер белсенділігімен көзге түсті. Партия мүшелерінің айтуынша, экологияны тек заң және саяси бағытпен қорғау мүмкін емес. Табиғатты аялау – әр адамның тәлім-тарбиесі. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғауды саясаткерлерден ғана талап етіп, қол қусырып қарап отырмау қажет.
ДИДАР САТБЕКОВ, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ ШТАБЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ол мәдениетті қалыптастыру керек, біріншіден. Екіншіден, жастарымызды қатыстырып, көрсетіп, үшіншіден оны желілерде өзге адамдарға көрінетіндей етіп көрсету мақсат болды.