«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ШҚО тұрғындарымен кездесті

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері  Өскемен қаласына барды. Кандидаттар Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде зиялы қауым, білім, медицина, бизнес, ғылым және мәдениет өкілдерімен кездесті. Жиында әйелдер көшбасшылығын дамыту, шағын бизнесті қолдау, ірі компаниялармен ынтымақтастық және шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселелері сөз болды. Онан кейін үстел теннисі орталығында болып, бұқаралық және адаптивті спортты дамыту, мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тез құрастырылатын модульдік спорт нысандарын салу туралы ұсыныстар айтылды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, мұндай нысандар шағын елді мекендер үшін өте қажет. Бұл жыл бойы спортпен айналысуға мүмкіндік береді. 

АЯУЛЫМ ӘМРЕНОВА, ҚР ФРИСТАЙЛ-МОГУЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ:

Бүгінгі күнде Қазақстанда денешынықтыру және спортты дамытуға байланысты көптеген жағдай жасалуда. Оның басты мақсаты халықтың спортпен тұрақты шұғылдануына және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Әділет партиясының сайлауалды бағдарламасымен тыныстым. Онда спорттың спорт туралы көптеген маңызды дүниелер айтылған.