ҚХП өкілдері медицина қызметкерлерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2026

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Шымкент қаласында №2 ауруханада медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында мамандардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелері талқыланды. Солардың бірі – кадр тапшылығы. Салаға жас мамандарды тарту және олардың кәсіби тұрғыда өсуіне жағдай жасау жолдары сөз болды. Партия өкілдері медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру маңызды деп санайды.

ЛЯЗАТ АҚТАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Сонымен қатар МӘМС, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын толық, ашық, цифрлық түрде көрсету керек. Тұрғындарға көрсету керек, дәрігерлерге көрсету керек. Сол кезде ашық жүйе болады. СКЛ Балаларға. жүкті әйелдерге, қарт адамдарға тегін профилактикалық тегін тексерулердің тізімін кеңейту керек.