Respublica партиясының өкілдері Ақтөбедегі бірқатар өндіріс орны жұмысшыларымен жүздесті. Ет өнімдері мен қой жүнін өңдейтін кәсіпорындарда, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытта болды. Саяси бірлестік мүшелері сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Тұрғындардың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Негізінен жалақы мен зейнетақы, медициналық сақтандыру сияқты, салық кодексі, тауар экспорттаушы компанияларды қолдау сияқты түйткілді сұрақтар талқыланды.
ДАНА БЕКБАУОВА, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОФ ТӨРАҒАСЫ:
Өңдеу саласындағы кәсіпорындарды араладық. Мұндағы мәселелер негізінен экспортқа қатысты. Шетелде сұранысқа ие өнім шығаратын компания өкілдері тауар жеткізуге қатысты мәселелер көтерді. Жүк тасымалы кезінде бірқатар қиындыққа кезігіп жатады. Экономикамызды әрі қарай дамытып, өндіріс орындарын өркендету үшін кедергілерді жою қажет.