Қызылжарда ер адам 7-қабаттан құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға тапа тал түсте болған. 55 жастағы қала тұрғыны жаңадан салынған тұрғын үйдің балконында шылым шегіп, кейін секіріп кеткен. Жедел жәрдем оқиға орнына дереу жеткенімен, өмірін сақтап қала алмады. Марқұмның не себептен өз-өзіне қол салғаны әзірге белгісіз. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Айта кетейік, марқұмының артында әйелі мен төрт баласы қалды. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған.
СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, яғни адамды өз-өзіне қол салуға итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын қолға алды. Оқиға Крепостной көшесіндегі жаңадан салынған көпқабатты үйлердің бірінде болған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, істің барлық мән-жайлары анықталып жатыр.