Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, сегізі жарақат алды. Оқиға 10 Астана–Петропавл автожолының 97-шақырымында болған. «Mercedes-Benz Sprinter» шағын автобусы мен «ГАЗ-53» жүк көлігі соқтығысып, салдарынан автобустың екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Sprinter жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.