Павлодарда жаңа туған сәбиін сатпақ болған 24 жастағы келіншек сотталды. Сот оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда, 3 баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Оқиға осы жылдың 31 наурызында болған. Қылмыскер туғанына 3 күн болған баласын сату кезінде қолға түсті. Ол сәбиді 800 мың теңгеге бағалаған. Алайда, сату кезінде 100 мың теңге сыйақы алып үлгерген. Тіпті, сатып алушыға баласының құжаттарын да берген. Ал жас әйелдің шақалағын сатуға қаржылық қиындық себеп болыпты. Сондықтан ол баласын сатуды жүкті кезінен жоспарлап, әлеуметтік желіге хабарландыру қойыпты.
АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сот шешімі бойынша сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. ҚР Қылмыстық кодексінің 74 бабы негізінде жазаны өтеу мерзімі 2031 жылға шегерілді. Себебі, сотталушының кәмелет жасына толмаған 3 бірдей баласы бар. Үкім заңды күшіне енді.