Анасын пышақтап, қашып кеткен қазақстандық Вьетнамнан экстрадицияланды

Анасын бірнеше рет пышақтап, қашып кеткен қазақстандық Вьетнамнан экстрадицияланды. Күдікті былтыр қараша айында ішімдікке тойып алып, туған анасының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Қылмыстық жауаптылықтан жалтарған азаматқа халықаралық іздеу жарияланған. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрілігі Интерполмен бірлесіп, маусым айында күдіктіні Дананг қаласында ұстады. Ол қылмыстық қудалау органдарының сұрауы бойынша елге жеткізілді.

САЯН АБДЕНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.