Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан қылмыстық топ мүшесі ұсталды

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2026

2,5 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырылып, Кореяға қашқан. Халықаралық іздеуде болған Ұлан Байболовты Қаржылық мониторинг агенттігі Интерполдың қолдауымен елге жеткізді. Тергеу деректеріне сәйкес, ол салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. Олар кәсіпорындарды сатып алып, жалған басшылардың атына қайта тіркеп, олардың шоттары арқылы қаржы операцияларын жүргізген. Кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұдан бөлек, қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда.