Орталық сайлау комиссиясы 20 өңірдегі жауапты мамандардың есебін тыңдады

Орталық сайлау комиссиясы 20 өңірдегі жауапты мамандардың есебін тыңдады. Жиында сайлауға әзірлік барысы баяндалып, анықталған олқылықтарды тез арада жою тапсырылды. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін учаскелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі арнайы қаралды. Бүгінде мониторингтік топтар аймақтарын аралап, бақылауды күшейтті.

ЛӘЗЗАТ СҮЙІНДІК, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Еліміздің барлық аймағында мүгедектігі ар адамдар үшін, сайлау участкілерінің қолжетімділігін тексеру мақсатында мониторинг топтары құрылды. Қазіргі таңда бес өңірде мониторинг аяқталды. Ол – Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, СҚО. Ал 15 өңірде тексеріс жалғасады.