«Әділет» партиясы өкілдері Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2026

«Әділет» партиясының өкілдері Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесті. Бас қосуда суару каналдарын жаңғырту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, шекара маңындағы аумақтарды дамыту және көлік логистикасы талқыланды. Өйткені, қант қызылшасы, астық, жүгері, жеміс-жидек өсіріп, ет пен сүт өндіріп отқан ел үшін аграрлық сектор қашанда өзекті. Бұдан соң,  спортшылармен кездесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту және спорт инфрақұрылымын дамыту жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, спорт кешендерінің санын арттыру, мектеп және студенттік спорт лигаларын кеңейту ұсынылды. Сондай-ақ, жаттықтырушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі де назардан тыс қалмады.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сіздерді бүгінгі халықаралық жастар күнімен құттықтағымыз келеді. Сіздерге әрқашан сәттілік тілейміз. Президентіміздің өзі айтып отыр. Осы спорт саласын дамыту бұл ұлт денсаулығының маңызды кепілі. Сондықтан бұны стратегиялық басымдық деп бекіткен болатын. Әділет партиясы әрқашанда әділдікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады. Ол дегеніміз ауылда тұрып жатқан балаларымыздың спортпен айналысуына әрі қарай дамуын қамтамасыз етуге, ол жердегі жаттықтырушылардың жалақысының жақсы болуына, жабдықтардың жаңа болуы сияқты көптеген сұрақтарды қамтитын болады. Сол себепті спорт саласының әрі қарай да жарқын болашағы болады деп, біз сенеміз! Сол бағытта жұмыс істейтін боламыз.