Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Атырауда еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесті. Партияның республикалық үгіт-насихат тобы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиындарда отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамын қолдау мәселелері талқыланды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар белсенді жастармен де жүздесіп, олардың бастамалары мен үздік жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
СӘКЕН ҚАРИН, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:
Бүгін біз екі-үш мекемені аралап өттік. Ол мекемелер жалпы қазақстандық өнім шығаратын мекемелер. Олар, жалпы біздің қазақстандық өнім болғасын оларды біз қолдауымыз керек. Олар шетелден келіп жатқан продукцияға теңбе тең келеді және сапасы олардан төмен емес. Несиелер қажет, тиімді несиелер. Салық льготалар қажет. Оның бәрін заңға енгізу керек.