Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз ерлер арасындағы техникалық соло бағдарламасында өнер көрсетіп, 238,5317 ұпай жинап үшінші орынға ие болды.
Ерлер арасындағы техникалық соло бағдарламасының нәтижесі келесідей:
Захар Трофимов - 241,2409 ұпай
Энеко Санчес Агилар - 240,5016 ұпай
Виктор Друзин - 238,5317 ұпай
Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.