Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Polisia.kz

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді.

Елордадағы медициналық мекемелердің бірінде ем қабылдап жатқан пациентке тиесілі алтын әшекейлердің ұрлығы ашылды. Анықталғандай, әйелді ауруханаға жатқызған кезде өзімен бірге алтын сырға мен алқа болған. Біраз уақыттан кейін оның туыстары зергерлік бұйымдардың жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтады. Ол медициналық мекеменің бұрынғы қызметкері болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті ұрланған әшекейлерді ломбардқа тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция азаматтарға жеке мүлкінің сақталуына мұқият болуды ескертеді. Заттардың жоғалғанын анықтаған жағдайда, дереу ішкі істер органдарына жүгіну қажет.