Жамбыл облысында қызметкерінен 100 мың теңге талап етті деген күдікпен батальон командирі ұсталды. Оны ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департамент қызметкерлері құрықтаған. Пара алу фактісі бойынша күдікке іліккен қызметкер- Тараз қалалық патруьлдік полиция батальонының командирі. Ол қол астындағы қызметкерінен тұрмыстық жанжалдан туындаған істі жылы жабу үшін ақша сұраған көрінеді. Полицей сұраған сомманы қаладағы моншалардың бірінде алып жатқан жерінде ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Бұл қылмыстық іске тағы кімдердің қатысы бар жоғы жан-жақты анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.