Астанада алаяқтар қажылыққа апарамыз деп 60 млн теңгені иемденген

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2026

Астанада қажылыққа баруды жоспарлаған 37 азамат алаяқтардың арбауына түсіп, 60 миллион теңгесінен айырылған. Елордалық екі тұрғын әлеуметтік желіде Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастыратыны туралы жарнама жариялап, тұрғындардың сеніміне кірген. Қасиетті орындарға барғысы келген азаматтар уәде етілген сапар үшін қомақты қаржы төлеген. Ақша қолдарына тиген соң, күдіктілер міндеттемелерін орындамай, қаражатты өз қажетіне жұмсаған. Іс сотта қаралып, кінәлілер бас бостандығынан айырылды.

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ:

Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.