Алматыда Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттарына арналған кеңейтілген отырыс өтті

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2026

Алматыда Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттарына арналған кеңейтілген отырыс өтті. Жиында Жошы Ұлысы мен Алтын Орда тарихын зерттеудің қазіргі жағдайы сараланып, тарихи ескерткіштерді кешенді зерттеу, археологиялық және жазба деректерді жүйелеу, тарихи географияны қалпына келтіру бағыттары талқыланды. Кеңейтілген отырысқа тарихшылар, археологтар, сарапшылар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысып, Жошы Ұлысының мұрасын зерттеуде ұзақ мерзімді ғылыми бағдарламаларды қалыптастыру мәселесін қарастырды.  Сондай-ақ осы жолда цифрлық мүмкіндіктерді дамыту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленді.

ЖЕҢІСБЕК ТӨЛЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы шара аясында Жошы ұлысын зерттеуді жеке жобалық моделден ұлттық, яғни мемлекеттік деңгейдегі зерттеу моделіне айналдыру - негізгі мақсат сол. Біздің тарихымыздың соншалықты үлкен империя деңгейіндегі мемлекет болғандығын біле отырып, сол жақтағы құндылықтардың барлығын, сол жақтағы тарихи ескерткіштерді, деректердің бәрін ала отырып, біз алдағы уақытта қай бағытта дамуымыз керек, яғни бұл ең бірінші ұлттық сананы қалыптастырады.