«Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының 241 талапкері білім грантына ие болды

«Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының 241 талапкері білім грантына ие болды. Қазмұнайгаз грантын иеленген Студенттердің басым бөлігі Алматы мен Астана  қалаларын таңдаған. Сондай-ақ Көкшетау, Қостанай, Қарағанды және басқа да өңірлердегі оқу орындарына жолдама алды. Жалпы «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен былтырдан бері жүзеге асып келе жатқан жоба игілігін осы күнге дейін 1 100 бала көрді. Ал биыл 333 қатысушы колледжді сәтті аяқтап, диплом алды. Қазіргі таңда бағдарлама шеңберінде мыңнан астам жас тегін білім алып жатыр.

НАЗЕРКЕ ДАБЫЛ, «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Балалардың 50 пайызынан көбі техникалық бағытты таңдады. 20 пайызынан жоғарғысы медициналық бағыттарды, келесі сұранысқа ие бағыт педагогика бағыттары мен өндірістік бағыт бойынша білім алатын болады.