Түркістан облысында бойжеткен жаңа туған сәбиді әжетханаға тастап, үстін көміп кеткен

Фото: ult.kz

Түркістанда жаңа туған баласын әжетханаға тастаған бойжеткен сотталды

Сот мәліметінше, қыз белгісіз біреумен өз еркімен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті болып қалған.

Кейін жүктілігін туыстарынан жасырып, ешқандай мекемеге тіркеуге тұрмаған.

Толғағы келген кезде бойжеткен Сайрам ауданындағы өз үйінде болған.

«Тұрғын үй-жайдың әжетханасына тоғыз айлық жетілген баласын тірі босанған. Артынан баласын әжетхана шұңқырына тастап, тірі қалуына ешқандай әрекет жасамай, нәрестенің бейнесі көрініп қалмауы үшін қорада тұрған күрекпен ауласында тұрған тас-топырақ араласқан құмды алып, әжетхана шұңқырында жатқан жаңа туылған нәрестенің үстіне тастаған. Осылайша өзiнiң жаңа туған баласын босану кезiнде өлтірген», - делінген сот материалында.

Сотта айыпталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сот шешімімен бойжеткеннің бас бостандығы 2 жылға шектелді.