29 тамызда Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған үлкен концерт өтеді. Сахнада Қазақстанның және шетелдің танымал өнерпаздары өнер көрсетеді. Мерекелік бағдарламаны Qarmet компаниясы ұйымдастырады.
Концертте Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас, Дима Билан, Moldanazar және Dequine өнер көрсетеді. Сонымен қатар концерттік бағдарламаға басқа да әншілер қатысады.
Концерт сағат 18:00-де ашық аспан астында басталады. Көрермендерді танымал әндер, жанды орындау, үлкен сахна және мазмұнды музыкалық бағдарлама күтеді.
Мерекелік кеш отшашумен аяқталады.
Концерт қашан және қайда өтеді?
Күні: 29 тамыз
Басталуы: 18:00
Өтетін орны: жаңа алаң, Әшимов көшесі, Қарағанды
Биыл Qarmet компаниясы Шахтерлер күнін бірден бес қалада — Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Қаражал қалаларында атап өтуді ұйымдастырады.