Павлодарда 18 жастағы жігіт суға батып кетті

Павлодарда 18 жастағы жас жігіт суға батып кетті. Оқиға қалалық жағажайда болған. Ертіс өзенінің ағысы қатты, сондықтан оны ешкім құтқара алмады. Құтқарушылар мәйітті 2 күн іздеп, Жаңауыл ауылының тұсынан тапты. Биыл өңірде шомылу маусымы басталғалы 6 адам судан ажал құшты. Оның екеуі- бала.

СЕРІК ШЕРИАЗДАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жаңауыл ауылынан төмен 2007 жылы туған ер азаматтың денесі табылды. Іздестіру жұмыстары кезінде сүңгірулермен 80 рет су астына сүңгу жұмыстары жүргізілді. Және іздестіру жұмыстарына жүзу құралдары пайдаланылды.