Қызылордада облысында екі ауданның шаруалары жылқымыз белгісіз дерттен қырылып жатыр деп дабыл қағуда. Айтуларынша, жайылымда жүрген түліктеріне шілдеде белгісіз кесел жабысқан. Салдарынан басы ісіп, жағы қарысып жем-шөп шайнай алмай қалған. Тіпті 1 жұтым су ішуі мұң дейді.
АМАНДЫҚ ҚИЯСОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қарны тартылып, шөп жей алмай қалады. Ауызына шөп тістеп алып жүреді де қояды. Уже миы жұмыс істемейді ма. Білмейді бел алды кезіп жүре береді. 5 күн бір аптаның аралығында, 4-5 күннің аралығында өліп қалып жатыр. Менен 5-6 басым кетті.
Шаруалар белгісіз кеселден жайылымда үйір-үйір жылқымыз арам қатып жатыр деп шырылдайды. Алайда оның санын есептеп, аурудың нақты емін айтып жатқан маман жоқ деп күйінеді. Ал ветеринарлар ахуал тұрақты деп ақталады.
НҰРЛЫБЕК ДӘУЛЕТБАЕВ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл жөнінде біз енді облыстық ветеринариялық зертханаға ауырған малдардың қан сарысуларын алып зерттеуге жолдадық. Енді біз зерттеу қортындысын күтуіміз керек қазіргі таңда. Өзіміз трипаносомоз деп айтып жатырмыз. Су ауруы деп болжап. Біз енді алдын ала егіп, қазір енді эпизотиялық ахуал тұрақты.