Елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Соңғы бір апта ішінде, әсіресе, көкөністер арзандаған. Мәселен, картоп - 4,2, ақ қырыққабат - 1,2, ал алма бағасы - 1,1 пайызға арзандады. Сондай-ақ пияз, сәбіз, ірімшік, сүзбе мен ұнның құны да төмендеген. Ал нан, макарон, ет өнімдері, сүт пен жұмыртқа бағасы өзгеріссіз сақталды. Өңірлер арасында азық-түлік бағасы ең көп арзандаған қала - Талдықорған. Мұнда көрсеткіш 0,7 пайызға төмендеді. Ал Астанада баға 0,2 пайызға арзандаған. Картоптың орташа бағасы келісіне 259 теңге болса, ең арзан картоп Павлодарда сатылуда. Сүйекті сиыр етінің орташа бағасы 3779 теңге болса, тауық еті 1736 теңгеге бағаланып отыр.