«Ауыл» партиясының өкілдері мұнай-логистика компаниясының ұжымымен кездесті

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2026

Шымкентте «Ауыл» партиясының өкілдері мұнай-логистика компаниясының ұжымымен кездесу өткізді. Кәсіпорын өңірдегі зауыт өнімін теміржол арқылы үздіксіз тасымалдауға жауапты. Сапар барысында депутаттыққа кандидаттар өндіріс ошағының жұмыс барысымен танысты. Сала мамандарымен басқосу ұйымдастырылып, логистиканың бүгінгі ахуалы мен инфрақұрылымын дамыту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ қатысушылар тасымал тиімділігін арттыру жолдарын жан-жақты талқылады. Шара соңында жұмысшылар көкейдегі сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

ТАЛҒАТ АЙТБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Тікелей өзіміздің ауылымызға келгендей деп айтуға болады. Келдік, үгіт насихатты төрағаның өзі де көрсетті, бүкіл Қазақстанда болып жатқан шаралардың барлығының нәтижесін. Белгіленген сайлауға дайындық, сайлауалды бағдарламамен елді таныстыру. Қорытындылай келе біз осындай үлкен мекемелерге де келіп жатырмыз.