Астана – Щучинск автожолында «Газель» көлігі өртеніп кетті. Оқиға «Щучинск» ақы алу пунктіне кіреберісте болған. Уақытылы жеткен Төтенше Жағдайлар Министрлігінің қызметкерлері лезде өртті ауыздықтады. Оқиғаға байланысты аталған жолақтағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қалпына келтірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.