«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің батысында және Қызылорда облысында күн ашық болады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.
15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18-26°-тан 25-33°-қа дейін жылы болады.
Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: негізгі температуралық фон 20-30° жылы болады.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде 15-20°-тан 7-12°-қа дейін, күндіз 20-30°-тан 15-20°-қа дейін;
Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы 15-20°-тан 10-15°-қа, күндіз 30-35°-тан 17-25°-қа дейін;
Орталық және шығыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы 34-39°-тан, 40-41°-тан 23-33°-қа дейін;
Қазақстанның оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 38-44° қатты ыстықтан 30-37°-қа дейін;
Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы 34-39°, өңірдің солтүстігінде 40-43° өте қатты ыстықтан 30-36°-қа дейін төмендейді.