Қазақстанның жасөспірімдер және жастар арасындағы ауыр атлетика құрамасы Ташкентте өткен Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтады. Бұл туралы Спорт Комитеті хабарлады.
Қазақстандық спортшылар 59 медаль, оның ішінде 19 алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ұлттық құрама спортшылары 16 рекорд - 11 Азия және 5 әлем рекордын жаңартты.
Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Чемпионатта Снежана Кашкарова үш Азия және үш әлем рекордын жаңартып, жарыстың үздік спортшысы атанды. Ал Ксения Прозорова тағы екі әлем рекордын орнатты.