Әртістік жүзуден Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына үшінші жүлде түсті.
Топтық акробатикалық бағдарлама финалында қазақстандық спортшылар 203,0926 ұпай жинап, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер бұл бағдарламада мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.
Бейтарап атлеттер - 232,2147 ұпай
Қазақстан - 203,0926 ұпай
Беларусь - 200,9777 ұпай
Айта кетейік, Қазақстан командасы үшін бұл жүлде - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы үшінші медаль. Бұған дейін ерлер арасындағы техникалық соло сайысында Виктор Друзин қола жүлдеге ие болса, бүгін Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптық еркін бағдарламада ел тарихындағы тұңғыш күміс медальді жеңіп алды.