ТЖМ қызметкерлері Балқаш көлінде екі баланы құтқарды

Фото скрин

Қарағанды облысында, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінің жағажай маңында ТЖМ қызметкерлері екі балаға көмекке келді.

Белгілі болғандай, балалар жүзу тақтасында сырғанап жүрген кезде қатты жел оларды жағадан шамамен 250 метр қашықтыққа алып кеткен. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оларды жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ еске салады:

-Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;

-Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;

-Ауа райы жағдайы мен желдің күшін қадағалаңыз;

-Судағы қауіпсіздік - сіздің қолыңызда!