Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында ТОП-5-ке кірді

ҰОК

Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде ұршық жаттығуында өнер көрсеткен Ақмарал Ерекешева үздік 5 спортшының қатарына енді.

Әлемнің үздік 8 спортшының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпайға ие болды.

Стилиана Николова - 30.150 ұпай

Таисия Онофрийчук - 30.050

Мария Борисова - 30.050

Рин Кейс - 29.800

Ақмарал Ерекешева - 29.400

16 жастағы Ақмарал Ерекешева 2025 жылы жасөспірімдер арасында ел тарихында алғаш болып әлем чемпионы атанған болатын.

Санаулы сәттен кейін жерлесіміз таспа сайысының финалында да жүлдеге таласады.

Франкфуртте ұйымдастырылып жатқан жаһандық доданың жеке жаттығуында жалпы 73 елден 102 спортшы жүлдені сарапқа салды.