Геннадий Головкин Украинаның қара тізіміне енді

Фото: ашық дереккөз

World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының базасына енгізілді

Головкин туралы ақпарат сайтта 15 тамызда пайда болған. Ресурста оған «Ресейдің агрессиясы мен Украина азаматтарын өлтіруді жария түрде қолдау» деген айып тағылған.

Спортшының базаға енгізілуіне World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты шектеулерді алып тастауы себеп болған. Енді Ресей боксшылары халықаралық жарыстарға өз елінің мемлекеттік рәміздерімен қатыса алады.

«Миротворец» сайты 2014 жылы құрылған. Ресурста журналистер, өнер адамдары, саясаткерлер және басқа да тұлғалардың жеке деректері жарияланады.

Сонымен қатар «Миротворец» базасына енгізілу адамның ресми түрде айыпталғанын немесе сот үкімі шыққанын білдірмейді.