Азаматтардың құқығын қорғау күшейді

Конституцияда бекітілген нормалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастырады. Сарапшылардың пікірінше, негізгі заңда кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және отбасы институтын нығайту мәселелеріне ерекше мән берілген. Құжаттағы маңызды жаңалықтардың бірі – сот төрелігінің негізгі қағидаттарын конституциялық деңгейде нақтылау. Мамандар мұны азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам деп бағалап отыр.

ДИНА ТУХФАТОВА, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ КАССАЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Конституцияда енді миранда деп аталатын жаңа ереже тікелей бекітілді. Бұл дегеніміз не? Бұл әрбір адамға ұсталған сәттен бастап, оны ұстаудың негіздері, оған өзінің қандай құқықтар бар екені туралы түсіндіретін болады. Бұған дейін бұл талаптар болды, алайда өзгеше заңдарда көзделген болатын. Енді ол ең жоғарғы заңдық күші бар құжатта, яғни Конституцияда белгіленді.