Биыл алты мыңға жуық шаруа мемлекеттік қолдаудың арқасында жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Оларға берілген қаржының жалпы көлемі 689 миллиард теңгеге жуық. Бұл ауылдағы кәсіпті кеңейтіп, техника жаңартып, мал басын көбейтіп, егіс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Диқанның еңбегі жерге дән себумен шектелмейді. Техника, тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай, несие мен өнімді өткізу үшін шаруа маңдай терін төгеді. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолдау қарастырылған.
ЖАСҰЛАН ИБРАЙХАНОВ, ҚР АШМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫН ОРЫНБАСАРЫ:
Ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қаржылық құралдарын субсидиялауды жеңілдікті кредиттер мен лизингті сондай ақ қаржылық емес қолдау шараларын қамтиды. Субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылық барлық негізгі бағыттарын оның ішінде өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын балық шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді қамтиды.
Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Игілік» бағдарламасы арқылы асыл тұқымды мал сатып алуға 1 миллиард теңгеге дейін, ал «Береке» бағдарламасы бойынша 5 миллиард теңгеге дейін несие қарастырылған. Несие мерзімі 7 жылға дейін беріледі.
САПАРҒАЛИ ҚОСЫМОВ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖИЫНТЫҚ ЕСЕПТІЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Кеңдала 2 бағдарламасы бұл бағдарлама аясында ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері көктемгі егіс егу және күзгі жиын терім жұмыстарына несиелеуге өтінім бере алады. Бұл бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыз мерзімі 18 айға дейін. Нысаналы мақсатына келер болсақ, бұл жақта жанармай алуға тыңайтқыш алуға жұмыс ақысын төлеуге және т.б ақша қаражаттарын жарата алады.
Шаруаның кәсібін бастауына да, кеңейтуіне де мүмкіндік бар. Ауылдағы әр гектардың өнімділігі артса, бұл тек фермердің табысы емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де әсер етеді.